
Қоғамдық Кеңес мүшелері елордамыздың нысандарын бақылау жұмыстарын жалғастыруда. Осылайша өткен қоғамдық мониторинг шеңберінде Кеңес мүшелері елордамызда жүргізіліп жатқан тазарту қондырғыларының құрылысымен танысып өтті. Үстіміздегі жылы аталған қондырғылардың алғашқы бөлшектеп пайдалануға берілуі жоспарлануда, қалған жұмыстар толығымен 2021 жылы аяқталады.
Жылдар бойы Бараев, Уәлиханов, Иманов, Республика көшелерін және басқа да учаскелерді су басу мәселесі туындап отырған. Бұл тазарту қондырғыларыларын іске қосу аталған мәселені шешіп қана қоймай, нөсер және еріген қар суларын тазарта отырып, Есіл өзеніне тастауды қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде өзеннің жылдар бойы ластануын алдын алып, елорданың экологиялық ахуалын жақсартуға ықпал етеді.
Тазарту қондырғыларының құрылысы жер асты арқылы жүргізіліп жатқандықтан, олардың үстінен абаттандыру жүргізіліп, шағын саябақтар құрылысы жүргізілетін болады.
Бұл мониторинг барысына елорда әкімі А.Күлгінов, Қоғамдық Кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, қалалық басқарма өкілдері, сондай-ақ мердігер ұйымдар қатысты.
#қоғамдықмониторинг #общественныймониторинг #ОбщественныйСоветНурСултан