
Мониторинг барысына Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ журналистер қатысты. Мониторинг тобы Жастар театры, Астаналық цирк, «Алжир» мұражай-мемориал кешені сияқты нысандарда болды. Мониторинг барысында аталған нысандардың проблемалық мәселелері, яғни жоба-сметалық құжаттарды әзірлеу, күрделі жөндеу және қондырғыларды ауыстыру сынды жұмыстарды қаржыландыру сұрақтары талқыланды. Осындай мониторинг жұмыстары Тәуелсіздік сарайы және Бейбітшілік және келісім сарайында жүргізілді.
#НұрСұлтанҚоғамдықКеңес #қоғамдықмониторинг