
2026 жылғы 1 қазанда Қазақ ұлттық спорт университетінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет: кері байланыс және азаматтардың қатысуы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Спикер ретінде Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Мейірбек Мұқатов сөз сөйледі.
Ашық диалог барысында қатысушылар сапалы кері байланыстың неден басталатынын, азаматтық белсенділіктің жеке жауапкершілікпен байланысын және қоғамдық сұраныстың мазмұнды талқылауға қалай айналатынын қарастырды.
Мейірбек Мұқатов жасанды интеллект ықпалымен болып жатқан өзгерістерге, Generative Nation идеясына, цифрлық жауапкершілікке және жаңа білім мен дағдыларға назар аударды. Кездесу соңында студенттер сұрақтарын қойып, спикермен пікір алмасты.
Іс-шара Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Белсенді Азамат» қоғамдық қоры жүзеге асыратын «Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің қызметін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде өтті.
Кездесудің Instagram желісіндегі бейнежазбасы
Осы кездесудің бейнежазбасының мұқабасы.