
А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Заң және тәртіп: қоғамдық өмір нормалары және азаматтардың жауапкершілігі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Студенттермен Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, жастар мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы Бақдаулет Жанділдаев кездесті.
Қатысушылар өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу, қоғамдық нормаларды сақтау және жеке жауапкершілік мәселелерін талқылады. Студенттер жастардың құқықтарын қорғау және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге қатысу туралы сұрақтар қойды.
Спикер Қоғамдық кеңестің диалог алаңы ретіндегі қызметін, қалалық мәселелерді талқылау және азаматтардың ұсыныстарын қарастыру мүмкіндіктерін түсіндірді. Кездесуде құқықтық мәдениет қағидаттары күнделікті өмірмен және азаматтық бастамалармен байланыстырылды.
Кездесудің Instagram желісіндегі бейнежазбасы
Осы кездесудің бейнежазбасының мұқабасы.