

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Музейлерге қоғамдық мониторинг
2025 жылғы 19 маусымында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы және «Қоғамдық эко-бақылау» бастамасы аясында Астана қаласының Қоғамдық кеңесі елордадағы екі музейге — Сәкен Сейфуллин атындағы музей мен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери-тарихи музейіне қоғамдық мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында қатысушылар музейлердің жұмысымен танысып, экспозициялық залдардың жай-күйін бағалады, сондай-ақ бірқатар өзекті мәселелерге назар аударды: музей алаңдарын кеңейту қажеттілігі, заманауи мультимедиялық шешімдерді енгізу және объектілердің қала тұрғындары мен туристер үшін тартымдылығын арттыру.
Әсіресе елордада жаңа музейлер — өлкетану музейі, жаратылыстану музейі және еліміздің мәдени-табиғи байлығын көрсететін басқа да тақырыптық нысандар құру мәселесі кеңінен талқыланды.

Мониторинг қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес қаланың әкімдігіне келесі ұсыныстармен жүгіну туралы шешім қабылдады:
• жұмыс істеп тұрған музейлерге қолдау көрсету,
• экспозицияларды кеңейту және жаңарту,
• жаңа мәдени мекемелер ашу,
• тарихи-мәдени материалдарды ұсынудың заманауи форматтарын енгізу.
Музей инфрақұрылымын дамыту — бұл тек нысандарды сақтау мәселесі емес. Бұл — ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға, жас ұрпақты тәрбиелеуге және тарихқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталған ұлттық стратегияның бір бөлігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев музейлердің ғылыми және мәдени әлеуетін толық ашудың маңыздылығын атап өткен болатын. Сонымен қатар, ол Орталық Азия елдерінің тарихи-мәдени мұрасын біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа құру бастамасын перспективалы жоба ретінде атап өтті.
Бұл бастама өз жалғасын табады. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы және «Қоғамдық эко-бақылау» бастамасы аясында басқа да бағыттар бойынша мониторинг жүргізу жоспарлануда.