Президенттік саябақтағы қоғамдық мониторинг
? 2025 жылғы 25 маусым
? Президенттік саябақ, Астана қаласы
? Басталуы: 15:00
Астана қаласының Қоғамдық кеңесі республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Қоғамдық эко-бақылау» бастамасы аясында Президенттік саябақтың абаттандырылуы мен санитарлық жағдайына қоғамдық мониторинг жүргізеді.
Іс-шара қалалық ортаның сапасын арттыруға, проблемалық учаскелерді анықтауға және оларды шешу жолдарын мүдделі тараптармен бірлесіп талқылауға бағытталған.
