
Нұр-Сұлтан қаласы халқының назарына!
2020 жылдың 10 желтоқсанда сағат 10.00-да онлайн тәртібімен Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
Қоғамдық кеңестің қарауына мынадай мәселелер және нормативтік
құқықтық актілердің жобалары енгізіледі:
1. «2019 жылғы 22 тамыздағы «Нұр-Сұлтан қала шекарасында орналасқан тұрғын үй алаптарының жай-күйі және даму перспективалары туралы» Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің ұсыныстарын іске асыру барысы туралы».
2. Астанада құқық тәртіптің жағдайы, құқық сақтау және полицияның учаскелік инспекторларының тұрғындармен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру бойынша Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің есебі.
3. «2019 жылғы 5 желтоқсандағы «Нұр — Сұлтан қаласының коммуналдық меншігін есепке алу, сақтау және тиімді пайдалану жағдайы туралы» Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің ұсыныстарын іске асыру барысы туралы».
4. Нұр-Сұлтан қаласының білім саласындағы коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы.
5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2020-2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы.
6. Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
Анықтама мына телефондар бойынша: 55-72-28, 55-74-56
Нұр-Сұлтан қаласының
Қоғамдық кеңесінің төрағасы С. Есілов