
Astana International University студенттерімен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет: кері байланыс және азаматтардың қатысуы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Спикерлер ретінде Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Мейірбек Мұқатов пен қоғам белсендісі Гамал Түзелбаев сөз сөйледі.
Қатысушылар мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын, мәселелерді көтеру, ұсыныс білдіру және қоғамдық маңызы бар сұрақтарды талқылауға қатысу мүмкіндіктерін қарастырды. Студенттер спикерлермен пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Қоғамдық кеңестің жүйелі мәселелерді қарастыру, қоғамдық пікірді ескеру және ұсынымдар әзірлеу алаңы ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Іс-шара Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Белсенді Азамат» қоғамдық қоры жүзеге асыратын «Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің қызметін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде өтті.
Кездесудің Instagram желісіндегі бейнежазбасы
Осы кездесудің бейнежазбасының мұқабасы.