2025 жылғы 15 шілдеде Астана қаласының Қоғамдық кеңесі Ақмола облысының Ақкөл ауданында орналасқан «Барап» балалар спорттық-сауықтыру орталығына барды. Іс-шара Астана қаласының Білім басқармасының «Бір тұтас тәрбие» және «Адал азамат» бағдарламаларын іске асыру барысы туралы есеп мәселесін Қоғамдық кеңестің отырысында қарауға дайындық аясында өтті.
Сапардың мақсаты – балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру жағдайын, білім беру, спорттық және мәдени бағдарламалардың жұмысын, сондай-ақ материалдық-техникалық базаның жағдайын, қауіпсіздік шараларын және медициналық қамтамасыз етуді бағалау.
Қоғамдық кеңес мүшелері орталық аумағын аралап, жатын корпустарды, асхананы, медициналық блокты, спорттық және шығармашылық аймақтарды көрді.
Орталықтың қажетті инфрақұрылымға ие екені атап өтілді: жабдықталған жатын бөлмелер, заманауи ас блогы бар асхана, медициналық кабинеттер, спорт алаңдары, шығармашылық шеберханалар, музыкалық студия, коворкинг аймақтары және робототехника кабинеті.
Орталықта белсенді демалыс пен дамытуды үйлестіретін бағдарламалар жүзеге асырылады: спорттық жаттығулар, шығармашылық шеберлік сабақтары, экологиялық іс-шаралар, жобалық және техникалық байқаулар.
Жазда негізгі назар спорт пен шығармашылыққа, күзде – экологиялық және зерттеу жобаларына, қыста – көшбасшылық мектептер мен кәсіптік бағдарға, көктемде – жобалық және техникалық байқауларға аударылады.
Мониторинг қорытындысы бойынша «Барап» орталығы балалардың қауіпсіз, мазмұнды және пайдалы демалысын қамтамасыз ететін жағдай жасалғаны анықталды. Алынған деректер елорданың балалар демалысы инфрақұрылымы мен бағдарламаларын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
































