Астана қаласы халқының назарына!

Астана қаласының Қоғамдық кеңесі 2023 жылы 15 қарашада сағат 11.00-де қалалық әкімдігінің мәжіліс залында (Бейбітшілік көшесі, 11, 221 каб.) «Елордада «2019-2023 жылдарға арналған инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Астана қаласын жинақы құрылыс салу жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде Астана қаласының тұрғын алаптарының жай-күйі мен даму туралы» мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді.
Аталған мәселе бойынша сіздің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды Қоғамдық кеңеске astana_sovet@mail.ru электрондық мекен-жайы бойынша немесе 55-72-28 телефон бойынша жіберулеріңізді сұраймыз.
Бұқаралық ақпарат құралдарын және қоғамдық тыңдауға қатысуға ниет білдірген азаматтарды тіркеу ағымдағы жылдың 13 қараша күні сағат 17.00-ге дейін 55-72-28 телефон бойынша жүргізіледі.